» » ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Жаңа оқу жылының табалдырығы таяп келеді. Осыған орай аудандағы білім беру ұйымдарының дайындығы мен қауіпсіздік мәселелері басты назарға алынды. Аудан әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен кеңейтілген мәжіліс өтіп, 2025-2026 оқу жылына дайындық барысы жан-жақты қаралды.
Жиын барысында Үкімет басшысы мен облыс әкімінің білім беру саласына қатысты тапсырмалары пысықталып, аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды. Аудан басшысы Жандос Еркінбек жаңа оқу жылының сәтті басталуы – тек бір ғана салаға емес, бүкіл ауданға ортақ міндет екенін ескертті.
– Жаңа оқу жылын барлық мектеп пен балабақша 100 пайыз дайындықпен бастауы тиіс. Бұл – жай талап емес, балалардың қауіпсіздігі мен сапалы білім алуы үшін жасалатын маңызды қадам. Әр мекеме, әр басшы өз ісіне аса жауапкершілікпен қарауы қажет, – деді аудан әкімі.
Мұнан өзге жиында оқушыларды оқулықпен толық қамту, материалдық-техникалық базаны нығайту, «Мектепке жол» акциясын ұйымдастыру, мектептердің жылыту жүйелері мен санитарлық талаптарға сәйкестігі, білім беру мекемелерінің қауіпсіздік шараларына қатысты мәселелер қозғалды. Сонымен қатар аудан әкімі барлық дайындық жұмыстары 1 қыркүйекке дейін толық аяқталуы керек екенін нақты тапсырды. Әсіресе мектеп пен балабақшаларда санитарлық тазалық, өрт қауіпсіздігі, жылыту жүйесінің толық жұмыс істеуі басты назарда болатынын айтты.
Жиын барысында нақты нысандар бойынша да тапсырмалар берілді. Атап айтқанда, №1 санаториялық бөбекжай-бақшасы мен №275 мектептің шатырын жөндеу жұмыстары мен 5 мектептің спорт алаңын қайта жаңарту, жөндеу жұмыстарының сапалы болуы мен уақытылы аяқталуы. Бұл жұмыстарға жауапты бөлімдер мен мердігер ұйымдарға қатаң бақылау жүргізілетіні айтылды.
Кеңесті қорытындылаған Жандос Еркінбек аудандық білім бөліміне, ауылдық округ әкімдеріне және барлық білім мекемелерінің басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді. Әкімнің айтуынша, бұл тапсырмалардың орындалуы жеке бақылауында болады.
– Білім – ұлт болашағы. Балаларымыздың мектепке алаңсыз барып, сапалы білім алуы үшін барлық жағдай жасалуы тиіс. Мұғалім мен ата-ананың көңілі тыныш, оқушының жүзі жарқын болсын десек, барлығымыз жұмыла жұмыс жасауымыз керек, – деді аудан басшысы.
Ауданымыз жаңа оқу жылын тың қарқынмен, жүйелі дайындықпен қарсы алуға бет алды. Баланың амандығы мен болашағы үшін бірде-бір мәселе назардан тыс қалмауы тиіс. Ал бұл жолда әкімдік пен білім саласының өзара үйлесімді әрекеті басты фактор болмақ.
«ҚТ» ақпарат
16 тамыз 2025 ж. 67 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№61 (10429)

16 тамыз 2025 ж.

№60 (10428)

12 тамыз 2025 ж.

№59 (10427)

09 тамыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 225
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031