» » Шіліңгір шілде

Шіліңгір шілде

Бір шөкім бұлт төге өтті майда жаңбыр сіркілін,
Күн де шықты дегендей бір бұлттың жасын іркідім.
Алтын тәжін киіп алып күн аспанның төрінде,
Жер бетіне қадай түсті жалын отты кірпігін.
Күллі әлем қазандайын қызар жаздың таңында-ақ,
Күн сәулесі темірді де балқытардай жалындап.
Соңырқай бір соға тұғын желдің өзі ыстықтан,
Қажыған бір жолаушыдай қалған сынды дамылдап.
Көк жібектей аспаннан күн жалын атып тұрды от,
Сәске уақыт әлем үнсіз жасырғандай сырды көп.
Қозы көш жер күмістейін сағым да сан құбылды,
Көкжиекпен сырласқан бір жұмбақ теңіз сынды боп.
Шіліңгір бұл шілдедегі сылдыр үні бұлақтың,
Тіршілікке естіледі әуеніндей жұмақтың.
Қыздың әсем күлкісіндей сонадайдан елітіп,
Жыбырлаған жанға маңы болар жаздай тұрақ күн.
Сапырылған бал қымыздай ернеуінен сабаның,
Сол бұлақтан сусындайды бар тірі жан қана күн.
Әрбір ағаш саясы да шіліңгір бұл шілде де,
Құшағындай көрінеді мейірімді ананың.
Руслан СӘУЛЕБЕКҰЛЫ
10 тамыз 2026 ж. 186 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 269
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 426

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30