» » АПТАП ЫСТЫҚТА САҚ БОЛУ КЕРЕК

АПТАП ЫСТЫҚТА САҚ БОЛУ КЕРЕК

Биылғы жаздың шілдесі басталмай жатып аптап ыстығы шекеңді тесіп барады. Маусымның өзі миыңды қайнатарлық. Азанғы уақыттан-ақ күннің ыстығы сезілсе, түскі кезеңде далада жүру мүмкін болмай тұр. Тіпті көлеңкенің өзі адам жанын ыстықтан әрең арашалайды.
Қазіргі таңда күннің ыстығы +42 градус ыстықты көрсетіп тұр. Осы аптада оңтүстік өңірдің өзінде аптап ыстықтық сақталған. Жалпы синоптиктердің болжамына сәйкес, биылғы жаз мезгілі алдыңғы жылдармен салыстырғанда айтарлықтай ыстық болмақ. Негізінде сынап бағанасы +38-+40о С градусты көрсеткенмен төтенше жағдайға жатқызбайды. Дегенмен бұл көрсеткіштің өзі дала және орман өртінің қаупіне әкеледі деп ескертеді.
Ғалымдар күннің күрт ысуына да алаңдаулы. Мәселен, озон қабаты жер биосферасын күн радиациясының зиянды әсерінен қорғаса, соңғы онжылдықта бүкіл әлем ғалымдары оның төмендеуіне байланысты дабыл қағуда. Жер бетіне жақын күн радиациясының артуы адам терісіне жойқын әсер етпек. Әжімдердің ерте пайда болуымен қоса, тым көп ультракүлгін сәуле ісік ауруын тудыруы мүмкін. Сондай-ақ күннің ультракүлгін сәулесінен көз торының күйіп қалу қаупі де бар. Одан көздің көрмей қалуы да кәдік. Мұндайда күннен қорғайтын көзілдірік кигені дұрыс. Ол көзді және көз айналасындағы теріні күннің зиянды әсерінен қорғайды.
Алда шіліңгір шілденің аптап ыстығы да келе жатыр. Жалпы күннің ыстығы басқа аурудың өршуіне де себеп. Сондықтан жазғы демалысыңызды аурумен әлек болып өткізбеу үшін алдын ала қамданғаныңыз абзал.
Ерсін СӘДУҰЛЫ
19 маусым 2025 ж. 152 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 215

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930