» » Карачиде аптап ыстықтан 65 адам көз жұмды

Карачиде аптап ыстықтан 65 адам көз жұмды

Пәкістанның оңтүстігіндегі портты қала Карачиде аптап ыстық салдарынан соңғы үш күнде 65 адам көз жұмды. Бұл туралы жергілікті әлеуметтік қамсыздандыру ұйымы хабарлады. Бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, дүйсенбі күні сынап бағанасы 44 градус ыстықты көрсеткен. Синоптиктердің болжауынша, алдағы күндері аyа райы температурасы бірқалыпты болып қалады. Сондықтан жағдай одан ары ушығуы мүмкін деп дабыл қақты. Айта кету керек, бұл қапырық ыстық Рамазан айымен тұспа-тұс келді. Қайтыс болғандардың дені – Карачидің әлеуметтік жағдайы төмен аудандары тұрғындары. Әзірге үкімет ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ. Алайда Пәкістан халқы 2015 жылғы оқиғаның қайталануы мүмкін екенін айтады. Осыдан үш жыл бұрын ми қайнатар аптапта 1300 тұрғын бақилық болған еді.

22 мамыр 2018 ж. 1 078 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 072
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 732

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031