» » Үндістанда салынып жатқан эстакада құрылысы опырылып түсті

Үндістанда салынып жатқан эстакада құрылысы опырылып түсті

Үндістанның солтүстігінде орналасқан Варанаси қаласында салынып жатқан эстакада құрылысы опырылып түсті. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының мәлімдеуінше, 18 адам қаза тапты. Жол сақшылары 20 метрлік бөрененің домалап, машиналар мен кептелген жаяу жүргіншілерді соққанын айтады. Оқиға орнына 7 көтергіш кран мен арнайы әскери жасақ дереу шақыртылды. Әзірге айыптылар анықталған жоқ. Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр. Айта кету керек, Варанаси «құдайлар салған алғашқы қала» болып есептеледі. Сондықтан жыл он екі ай бойы ағылған туристердің қарасы қалың. Марқұмдардың дені «қасиетті» қалаға келген саяхатшылар болуы әбден мүмкін. Равиндир Гири, куәгер: – Оқыс оқиға болған жерге жақын маңда жүр едім. Аяқ астынан айқай-шу басталып кетті. Бірнеше көліктің қиранды астында қалғанын байқадым. Мұндай қайғыны ешкімге де тілемес едім. Йоги Адитанатх, Уттаррадеш штаты басшысы: – Қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқандардың отбасына көмек ретінде үкімет тарапынан 500 мың рупи, ал жарақат алғандарға 200 мың рупи көлемінде жәрдемақы беріледі. Зардап шеккендер мен қаза тапқандардың жақындарына қайғырып көңіл айтамыз.
17 мамыр 2018 ж. 1 325 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (10456)

18 қараша 2025 ж.

№87 (10455)

15 қараша 2025 ж.

№86 (10454)

11 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 893
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 598

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930