» » ҚҰРМЕТТІ ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІ МЕН САЛА МАМАНДАРЫ!

ҚҰРМЕТТІ ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІ МЕН САЛА МАМАНДАРЫ!


Баршаңызды кәсіби мерекелеріңіз – Құрылысшылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл сала – елдің өркендеуі мен халықтың әл-ауқатын арттыруға ықпал ететін маңызды бағыттың бірі. Бүгінде ауданымыздың дамуы қарқын алып, елді мекендеріміздің ажары айшықталып, тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Жаңа әлеуметтік нысандардың бой көтеруі, тұрғын үйлердің салынып, жаңғыруы – ауданымыздың дамуының көрінісі.

Осы игі істердің жүзеге асуына құрылыс саласының мамандары елеулі үлес қосуда. Сіздердің тынымсыз еңбектеріңізбен өндірістік ғимараттар бой көтеріп, ауылдарымыздың сәулеті жаңарып келеді. Сондықтан жауапты міндеттің жүгін арқалап жүрген Өздеріңізге үлкен алғысымды білдіремін!

Осы мерейлі күні баршаңызға бақ-береке және еңбектеріңізге толағай табыс тілеймін! Әр бастамаларыңыз сәтті болсын! Ауданымыздың көркеюі мен дамуына қосып жүрген еңбектеріңіз жемісті болғай! Еңбектеріңіз еленіп, абыройларыңыз асқақтай берсін!
Аудан әкімі Жандос Еркінбек

09 тамыз 2026 ж. 143 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 269
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 426

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30