«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА ҚҰҚЫҚТЫҚ ТҮСІНДІРМЕ БЕРІЛДІ
Бүгін «Руханият» орталығында Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қатысуымен «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында кездесу өтті.
Аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын кездесуді аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаев жүргізіп:
-Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Заң мен тәртіп» қағидаты – әділетті қоғам мен қауіпсіз мемлекеттің негізі екенін бірнеше рет атап өтті. Президент интернет алаяқтығы мен қаржы пирамидаларына қарсы күресті күшейтудің маңыздылығына ерекше назар аударып, бұл бағыттағы жұмысты жандандыруды тапсырған болатын.
Осы орайда, ұйымдастырылып отырған шараның негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтық санасын нығайту, қаржылық алаяқтықтан қорғану дағдыларын қалыптастыру, заңға бағыну мәдениетін және экономикалық жауапкершілікті арттыру болып табылады,- деді.
Жиынға Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің Ұйымдастыру-бақылау басқармасының басшысы Ануар Даулетов, аса маңызды істер жөніндегі тергеушілер Майра Оралбаева мен Шыңғысхан Досжанов қатысты.
Қазір Мемлекет басшысы айқындаған «Заң мен тәртіп» қағидаты мен интернет-алаяқтықтың, қаржы пирамидаларының алдын алу мәселелері өте өзекті. Сондықтан мәжілісте тұрғындардың құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыру, алаяқтардың арбауына түспеу жолдары жөнінде толық ақпарат берілді.
Жиында қатысушылар өздерінің сұрақтарын қойып, сала мамандарынан құқықтық кеңестер алды.
Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

















