Құрылтай
» » ЗАҢ МЕН ТӘРТІП ҚАҒИДАТЫ - ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІҢ НЕГІЗІ

ЗАҢ МЕН ТӘРТІП ҚАҒИДАТЫ - ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІҢ НЕГІЗІ

Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің өндірісінде жыл басынан бері 29 қылмыстық іс болып, тіркелген қылмыстық істер саны өткен жылмен салыстырғанда азайған. Ал аяқталған 14 істің 13-і сотқа жолданып, мемлекет пен азаматтарға келтірілген залалдың басым бөлігі өндірілді. Сонымен қатар, қылмыстық процестерді цифрландыру жұмыстары жалғасып, істердің негізгі бөлігі электрондық форматта жүргізілген. Бұл туралы Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары Руслан Сатыбалдиев мәлімдеді.
Спикердің айтуынша, департамент қызметі тек заң бұзушылықтарды анықтаумен шектелмейді.
«Басты мақсатымыз экономикалық және қаржылық құқық бұзушылықтардың алдын алу, азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыру және қоғамда заң талаптарын сақтау мәдениетін қалыптастыру. Мемлекет басшысы айқындаған "Заң мен тәртіп" қағидаты осы бағыттағы жұмысымыздың негізгі өзегі болып табылады», – деді Руслан Сатыбалдиев.
Жыл басынан бері өңірде құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған 22 профилактикалық іс-шара өткізіліп, 3 мыңнан астам тұрғын қамтылды. Мектеп оқушылары мен студенттерге дропперлік, қаржы пирамидалары, лудомания, кибербуллинг, ақпараттық гигиена және жасанды интеллектіні қауіпсіз пайдалану мәселелері түсіндірілді. Сондай-ақ мемлекеттік қызметшілерге арналған арнайы кездесулер ұйымдастырылып, тұрғындармен көшпелі қабылдаулар өткізілді. Бұған қоса, құқықтық мәдениетті қалыптастыру мақсатында әлеуметтік желілерге бейнематериалдар жарияланып, жастар арасында «Жайдарман» жобасы аясындағы профилактикалық шаралар жүзеге асырылды.
Департамент алдағы уақытта да өңір тұрғындарының құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған түсіндіру жұмыстарын жалғастырып, барлық аудандарда көшпелі кездесулер өткізуді жоспарлап отыр.
20 шілде 2026 ж. 75 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (10527)

08 тамыз 2026 ж.

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 636
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 094

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31