» » Қызылордада қаржылық қауіпсіздік бойынша шара өтті

Қызылордада қаржылық қауіпсіздік бойынша шара өтті

«Заң мен тәртіп» қағидасы аясында және ҚР ҚМА төрағасы Ж.Элимановтың бастамасымен Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ұйымдастыруымен Болашақ университетінің базасында қаржылық қауіпсіздік бойынша ерекше форматта шара өтті.

Шараның мақсаты – жастар арасында қаржылық сауаттылықты арттыру, дропперлік қылмыс, қаржылық пирамида секілді алаяқтық әрекеттердің алдын алу және оларға қарсы күрес дағдыларын қалыптастыру болды.
Жиын барысында департамент басшысы Аслан Кеңес студенттерге қаржы алаяқтарының әрекет ету әдістері, дроппер болудың салдары, қаржылық пирамидалардың белгілері мен олардан сақтану жолдары туралы кеңінен ақпарат берді. Сонымен қатар, интерактивті ойындар мен практикалық тапсырмалар арқылы қатысушылар өз білімдерін сынап көріп, түрлі жағдаяттарда дұрыс шешім қабылдау дағдыларын шыңдады.
Кездесу аясында арнайы викториналар мен ойындар ұйымдастырылып, үздік нәтиже көрсеткен қатысушыларға сыйлықтар берілді.
Бұл іс-шара жастардың қаржылық мәдениетін қалыптастыруға, алаяқтықтың алдын алуға және қауіпсіз экономикалық орта құруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болды.
11 сәуір 2025 ж. 405 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№90 (10458)

25 қараша 2025 ж.

№89 (10457)

22 қараша 2025 ж.

№88 (10456)

18 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 930
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 625

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930