» » "Көлеңкелі” экономика өсімді тежейді

"Көлеңкелі” экономика өсімді тежейді

Аймақта құқық саласы бойынша жүргізіліп жатқан мәселелері және оның шешілу жолы ұдайы бақылауда. ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің дерегінше мемлекеттік үш мекемеде өнімсіз делдалдардан өнімді жоғары бағамен сатып алатыны анықталған. Қабылданған шаралар негізінде өндірушілермен және көтерме сатушылармен тікелей келісім шарттар жасасып, әлеуметтік маңызы бар тауарлар тізбесінің 11 атауы бойынша бағаның төмендеуі қамтамасыз етілген. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Аслан Кеңес мәлімдеді.

– Мемлекет басшысының Жолдауында халыққа зардабын тигізетін алаяқтыққа және сол сияқты басқа да заңсыз әрекеттерге қарсы батыл шаралар қабылдау керектігін баса айтқан. Бұған дейін құрылтайда да бұл мәселе қозғалды. Қазіргі таңда департамент Жолдауда айтылған міндеттер негізінде бірқатар жұмыстарды қолға алды. Бүгінгі тәжірибе қоғамдық қауіптілігі жоғары, әрі маңызды қылмысты ашуға бағытталған, толықтай «саннан сапаға» принципіне көшірілген. Яғни, адал кәсіпкерлердің мүддесіне қайшы келмейтіндей, тек «көлеңкелі» экономика қылмысын анықтау және тергеу басты назарда, - деді Аслан Кеңесұлы.

Заманауи технологиялар ел экономикасын дамытуда ерекше орын алады. Тұрғындардың ажырамас бөлігіне айналған. Сонымен қатар цифрлық технологияны қолдану барысында алаяқтық қауіпі де жоғары.

- «Қаржылық сауаттылық негіздері» тақырыбы аясында департамент қызметкерлері барлық аудан тұрғындарымен кездес өткізді. Қылмыстың алдын алу және мақсатында жергілікті әкімшілікпен бірлесіп департаменттің ақпараттық бейнероликтері қала мен аудандардың орталық көшелерінің LED-экрандарында, сондай-ақ адамдар көп жиналатын орындарда көрсетілді,- деді Аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкілі Майра Оралбаева.

@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі


26 қыркүйек 2024 ж. 605 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 376
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 151

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930