» » Қызылордада 9 кәсіпорын күріш бағасын негізсіз өсірген

Қызылордада 9 кәсіпорын күріш бағасын негізсіз өсірген

Kyzylorda-news.kz.Тұрғындар үшін басты қажеттіліктің бірі болғандықтан азық-түлік өнімдерінің бағасы өзектілігін жойған емес. Алайда аграрлық аймақ саналатын Сырда күріш бағасының қымбаттауына не себеп?
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониториг агенттігінің Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті әлеуметтік маңызы зор азық-түлік түрлеріне мониторинг жасады. Мониторинг барысында басты назар өңірде өндірілетін азық-түліктің өзіндік құнына аударылды.
Бүгінде Қазақстан Республикасы Қаржылық мониториг агенттігінің Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің талдау тобы күріш өндіретін ең ірі тоғыз кәсіпорынның баға белгілеу жұмыстарына талдау жүргізді. Оның нәтижесіне сәйкес, Қаржылық мониторинг агенттігінің облыстық өкілдігі күріш өндіретін алты компанияның бағаны көтеруі қаншалықты негізді екендігін білу үшін тексеру тағайындады.
Өзге кәсіпорындар өңірдің әлеуметтік дүкендерінде саудалау үшін облыстың Тұрақтандыру қорына арналған күріштің келісін 420-дан 350-ге дейін түсіруге келісті.
Қазіргі таңда әлеуметтік дүкендерде күріштің килограмын 350 теңгеден аспайтын бағада саудалау жұмыстары жергілікті органдар мен «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік коропорациясы арасында қарастырылып жатыр
27 наурыз 2023 ж. 685 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№42 (10510)

06 маусым 2026 ж.

№41 (10509)

02 маусым 2026 ж.

№40 (10508)

30 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 249
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 794

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930