» » «Гарант 24 Ломбард» серіктестігіне қатысты іс қозғалды

«Гарант 24 Ломбард» серіктестігіне қатысты іс қозғалды

Қызылорда облысында «Гарант 24 Ломбард» ЖШС-нің  қаржылық пирамиданы құрғаны және басшылық еткені анықталып, қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында Қызылорда облысы полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Шамшидин Амитов мәлімдеді.
«Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 217-бабының 2-бөлігімен  қаржылық пирамиданы құру дерегі бойынша қылмыстық іс тергелуде. Қазіргі таңда  70-тен астам тұрғын полицияға шағымданды. Сондай-ақ,  бұл мәселеге байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп, материалдық шығын  есептеледі»,-деді Шамшидин Егенбердіұлы.
Сонымен қатар, «Гарант 24 Ломбард» ЖШС-гі қылмыстық әрекеттерімен шығын келтірген болса, Қызылорда облысының Полиция департаментіне келулеріңізді немесе 29-50-46, 29-50-25, 29-75-20 телефон нөмірлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз. Мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Қорқыт ата көшесі №18.Құрметті қала тұрғындары, сабырлық сақтауды сұраймыз. Және де  қаржылық пирамидасын құратын алаяқтардан абай болыңыздар!

23 ақпан 2020 ж. 932 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

№20 (10487)

17 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 741
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 106

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 473

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031