» » «Қарызсыз қоғам» - қаржылық сауаттылықты арттырады

«Қарызсыз қоғам» - қаржылық сауаттылықты арттырады

Бүгін Қармақшы ауданы Жаңажол ауылдық окургінде «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында қаржылық сауаттылық бойынша оқытудың кезекті аптасы басталды.
Оқыту курсының негізгі мақсаты – елімізде болашақта ел экономикасын қалыптастыратын халықтың, жас ұрпақтың қаржылық сауаттылық деңгейін арттыруға бағытталған қаржылық білім беру жүйесін құру сонымен қатар қаржылық сауаттылықты арттыру, өз қаражатын тиімді басқаруды үйрену, қаржыға қатысты мәселелер қалай пайда болатынын және алаяқтық әрекеттерді қалай анықтау қажет екендігін үйрету.
Шараны «AMANAT» партиясы Қармақшы аудандық филиалының төрағасы Әділ Қошалақов сөз алып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Ауыл тұрғындарына семинарды қаржы эксперті Балдырған Мамен өткізеді.
Сондай-ақ оқыту шеңберінде қаржы сарапшылары жеке консультациялар өткізетін болады, ал қатысушылардың қалауы бойынша өз бизнесін ашу үшін мемлекеттік гранттық және кредиттік бағдарламаларға бизнес-жоспар жазуға көмектеседі. Жоба аясында заңгердің көмегін алу мүмкіндігі бар.
Айта кетейік, аудан бойынша жыл аяғына дейін 800-дей адамды оқыту жоспарлануда.
Қатысушылар оқу барысында «Жеке қаржыны басқару» курсынан өтеді. Курсқа үзбей қатысушыларға арнайы сертификат тапсырылады.
Жобаға қатысуға ниетті азаматтар 2-22-92, 87079272868 байланыс нөмірлеріне хабарласу арқылы немесе qogamfin.kz сайты арқылы тіркеле алады.
07 қазан 2024 ж. 490 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 779
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 136

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 491

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930