» » ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК - БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК - БАСТЫ НАЗАРДА


ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Заң және тәртіп” қағидатын іске асыру мақсатында Қаржылық мониторинг агенттігінің Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті (ЭТД) мамандары Қармақшы ауданына арнайы іссапармен келіп, халық арасында құқықтық және қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталған семинар өткізді.

Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Самат Смағұлов қатысып, аудан көлемінде қаржылық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықпен күрес бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Семинар барысында ЭТД басшысының орынбасары Руслан Сатыбалдиев қатысушыларға қаржылық қауіпсіздік ұғымы, оның маңыздылығы және азаматтардың жеке мүліктік құқықтарын қорғау жолдары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар, шарада Қызылорда облысы бойынша ЭТД аға офицері Айбол Алатаев, Қызылорда облысы Полиция департаментінің киберқылмыстарға қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі Нүртілек Ермаханов, Қызылорда облысы бойынша ЭТД аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Айбек Орынбеков интернет алаяқтықтың түрлері мен одан қорғану жолдары, азаматтардың қаржылық құқықтарын сақтау мәселелері бойынша мазмұнды баяндамаларын ұсынды.

Кездесу барысында ақпараттық роликтер көрсетіліп, нақты мысалдар арқылы тұрғындарға ескерту жасалды.

ҚҰРМЕТТІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ!

Қаржы пирамидалары мен интернет алаяқтық – қазіргі қоғамда кең таралған алаяқтық түрлері. Олар азаматтардың жинақтарын заңсыз иемдену үшін түрлі тәсілдерін қолдануда. Сондықтан күмән тудыратын қаржылық ұсыныстардан сақ болып, жеке деректеріңізді бөгде адамдарға бермеу қажеттігін ескертеміз!

21 тамыз 2025 ж. 214 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№90 (10458)

25 қараша 2025 ж.

№89 (10457)

22 қараша 2025 ж.

№88 (10456)

18 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 930
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 625

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930