» » ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН КЕЗДЕСУ ӨТТІ


Мемлекет басшысы жариялаған «Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Арал ауданында тұрғындармен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Жиынды аудан әкімінің орынбасары Н.Бохаев жүргізді. Кездесуге Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің өкілдері қатысып, қаржы пирамидаларының белгілері, алаяқтардың жиі қолданатын тәсілдері және күмәнді инвестициялық жобалардан сақтану жолдары туралы кеңінен түсіндірді.

Шара барысында тұрғындарға жеке қаражаттың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, цифрлық алаяқтықтан қорғану және қаржылық шешім қабылдау кезінде сақтық шараларын сақтау жөнінде жан-жақты ақпарат берілді.

Кездесу барысында тұрғындар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, мамандардан толыққанды жауап алды. Сондай-ақ заң бұзушылықтардың алдын алуда әр азаматтың жауапкершілігі мен құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығы ерекше атап өтілді.

Іс-шара соңында қатысушыларға ақпараттық жадынамалар таратылып, күмәнді қаржылық ұсыныстарға сенбеуге және заңсыз әрекеттерге тап болған жағдайда құзырлы органдарға дереу хабарласуға шақырылды.
07 тамыз 2026 ж. 77 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№71 (10539)

18 қыркүйек 2026 ж.

№70 (10538)

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (10537)

12 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 881
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 133

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930