Құрылтай
» » Интернет алаяқтықтың алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Интернет алаяқтықтың алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді

«Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету мақсатында Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері өңірге танымал блогер Ерсұлтан Байжановпен бірлесіп, интернет алаяқтықтың алдын алу және киберқауіпсіздік мәселелеріне арналған ақпараттық-түсіндіру іс-шарасын өткізді.
Іс-шара барысында полиция қызметкерлері мен блогер халық көп жиналатын орындарда тұрғындарға ақпараттық парақшалар таратып, интернет алаяқтарының кең таралған айла-тәсілдері, жеке және банктік деректерді қорғау, күмәнді сілтемелер мен қоңырауларға сенбеу, сондай-ақ алаяқтардың құрбаны болмау жолдары жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, арнайы бейнеролик түсіріліп, онда азаматтарды интернет алаяқтықтан сақтандыруға бағытталған маңызды кеңестер берілді.
Кездесу барысында қазіргі таңда өзекті болып отырған «дроппер» ұғымына ерекше назар аударылды. Дроппер – интернет алаяқтарының заңсыз әрекеттеріне өз банктік картасын немесе есепшотын пайдалану арқылы көмектесетін тұлға. Мұндай адамдардың шоттары арқылы жәбірленушілердің ақшасы басқа есепшоттарға аударылып немесе қолма-қол шешіліп алынады.
Осыған байланысты азаматтарға өздерінің банк карталары мен есепшоттарын үшінші тұлғаларға пайдалануға бермеу, күмәнді қаржылық операцияларға қатыспау қажеттігі ескертілді.
Полиция департаментінің мәліметінше, интернет алаяқтыққа жәрдемдесетін дропперлердің жауапкершілігін күшейту мақсатында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне жаңа норма енгізілген. Оған сәйкес кінәлі тұлғаларға 160 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салу немесе жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.
Заң мен тәртіп – әр азаматтың қауіпсіздігінің кепілі. Интернеттегі қауіпсіздік өзіңізден басталады!
Фото: Заң мен тәртіп
23 шілде 2026 ж. 47 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№54 (10522)

21 шілде 2026 ж.

№53 (10521)

18 шілде 2026 ж.

№52 (10520)

14 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 519
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 003

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031