Қош, өлең

Өлең, өмір өшті ме шыныменен,
Белгісі жоқ, өткен күнге өкінгенмен?
Бүлдіршіндей бейкүнә бала жастан,
Сен келдің де, есейді өрем менің.
Қайда жүрсең демедің қасымда боп,
Өміріме нәр бердің, өкініш жоқ.
Құбылам да түгел еді, сеніменен,
Тұрғаным сол, тұнық ем берерім көп.
Сеніменен мұң-шерді басатын ем,
Кей кезде қолға түспей қашатын ең.
Сонда да бақытты боп жүріппін-ау,
Зердемді өлеңменен ашатын ем.
Мен сені көгертпедім білем оны,
Құдайым, ондай бақты бермей қойды.
Сонда да асып-тасып жүруші едім,
Өзімше ақынға ұқсап сермеп қолды.
Өлеңім — өнегем боп өмір сүрдім,
Жамандыққа бастырмай қорғай білдің.
Арманым да асқақ еді биіктерге,
Самғармын деп, өзіңмен ойлайтын ем.
Өміріме ешкімде жауапты емес,
Қалар бәрі артымда бел мен белес.
Өлеңім тек әншейін «біреу» болмай,
Тіреу болсаң, ештеңе керек емес.
Алқамсың, тағып жүрер бет моншағым,
Өзіңе не десем де жарасатын.
Ұрпағымнан кейінгі еккен гүлім,
Жайқалып өс! Сонда да қия алмадым.
Сырға АЛДАСҮГІРОВА
04 тамыз 2026 ж. 97 0

Ұқсас жаңалықтар:

PDF нұсқалар мұрағаты

№71 (10539)

18 қыркүйек 2026 ж.

№70 (10538)

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (10537)

12 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 880
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 132

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930