» » Жүрексіндім Абайдан...

Жүрексіндім Абайдан...

Киесі ме, Ұлы Абайдан қаймыққаным,
Сезсем де рухани байлық барын.
Өремде, жетпейтіндей ғақлиясы –
Сонда да бет түзедім – бастадым шын!
Оқыдым жырдың тұнығын,
Сіңіріп, сүңгіп «қызуын».
Қым-қуыт уақыт өтсе де,
Жаңартып тұрар «қызығын».
Рухсыздансаң, жалғыздық –
Дос болар аураң тарылып.
Сыр тартсаң сеніп Абайдан,
Құндылық сонда – бар үміт.
Жандандырар ғаламды,
Жөніңе тартсаң жарамды.
Барлығы керек жаныңа,
Өзгертетін адамды.
Жан жарасы жазылар,
Іздесең емі табылар.
Абайды оқы қайталап,
Ашылар зейін, сан қырлар.
Өрелі ойдан қозғайын,
Ғибратынан сөз дайын.
Хикаяттары – хакиқат,
Рафғат, ар мен ожданның.
Жүрекке жетер сазы бар,
Тәрбие – ұқсаң хаты бар.
Адам боп кету ләзім дер,
Махшарда күтіп – орындар.
Елжанды болам десеңіз,
Абайды оқы, дер едім.
Елдің қамын жесеңіз,
Абайдан сұра дер едім.
Абайсыз қазақ болмаған,
Дұрыс жолға бойлағын.
Қазақты қазақ ететін,
Абайдың жолы – ойлағын!

*****
Ғашықтық ғадауаты – саф алтындай,
Шын сүйген мөлдір таза махаббаттай.
Жас буын – бойға сіңір адалдықты,
Берік бол, жан-тәніңмен жарау аттай.
Не керек, қу жаныңа бәрі дайын,
Шекпегей босқа жүріп, артық уайым.
Абайдан артық айтар тапсаң-дағы,
Есіңнен шығармасаң болмас қайғың.
«Білімге, ғылымменен терең бойла»,
Жас ұрпақ қуатты бол, еліңді ойла.
Өнерге қадам бассаң мұратың тұт,
Жібермес таза болсаң жаман ойға.
Абайды ардақтаған қазағым бар,
Білімге, өнерге де жастар құмар.
Абайдың қара сөзі бойтұмар боп,
Әр қазақтың ойында мәңгі тұрар!

Сырға АЛДАСҮГІРОВА

25 қараша 2025 ж. 185 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 764
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 125

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 485

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930