» » Алып тау биік емес арда Абайдан

Алып тау биік емес арда Абайдан

Кекселенген кәрі аймақ, кең белдерде,
Деп жүрсіңдер менімен тең келген не?
Сенсеңдер, зәулім таулар, зеңгір таулар,
Бір алып адам бар ғой сендерден де.
Отты өмірдің өртіне күйіп талған,
Күйіп талған, бойында күйік толған.
Тақиялы Абайдың болмысы үлкен,
Ақ бұлттан сәлде ораған биік таудан.
Ел деп соқса тамыры – ерендігі,
Кішілігі кісіге – кемелдігі.
Өзі биік Абайдың, ал сөзінің,
Теңізден де тұңғиық тереңдігі.
Арылмай басы дау мен ойдан дүркін,
Мазасын ап, киліккен байлар қыртың.
Қайрап тісін билерге, ойлап өтті,
Қалың елін, қазағын, қайран жұртын.
Сұм тағдыр маңдайынан шертті айлалы,
Сырты дүрдей, ішін у, өрт бойлады.
Сау өлең боп құйылды қағазына,
Көкірегін кернеген дертті ойлары.
Ғұмыры құралғанмен сан құздардан,
Артында дара сүрлеу, мәнді із қалған.
Мол бақыт іздеп жүріп Алашына,
Моласындай бақсының жалғыз қалған.
Төмпештеп, ойы таяз, төмен байлар,
Өмірі – шерлі жылдар, шеменді айлар.
Жүрген емес жер басып бірде-бір жан,
Жүрегінің түбіне терең бойлар.
Кеудеде өзі жазған жыр-ән ойнар,
Қаламынан өрбіген мұра – қайнар.
Миллиондаған қазақ бар жер бетінде,
Бәрінің жүрегінде бір Абай бар.
Жасыл көрпе жамылған қарағайдан,
Тауларға зәулім болар шама қайдан?
Асқар биік болсаң да, ей, зәулім шың,
Асқан алып емессің сол Абайдан.
ЕРДӘУЛЕТ ОРЫНБАСАРОВ
18 қыркүйек 2025 ж. 175 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 073

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930