Күзгі сыр

Күзгі сыр Кеузеліппін,
дәні жоқ кебектеймін,
Дәрменсізбін, суық күзде дедектеймін.
Дәйегі бұл өмірдің осы ма деп,
Мәйегін өлеңімнің ... өбектеймін.
Өмірімнің бір парасы – сағымды жыл,
Ойнақтаған шалғайда – құлын дүл-дүл.
Есейгеннен есімде, өшпес белгі,
Өзгертпедім ойымды – сендім құмбыл.
Әлсіздігім бастырмай биіктерге,
Төменшектеп ... ештеңе есітпеуге.
Әйелдігім... сан түрлі тарау-тарау,
Ұмытылдым – тек уақыттан кешікпеуге.
Сабырменен сансырап жетіп зорға,
Жығылмадым, тайса да қалың сорға.
Демегенің... қасиетті қара өлеңім,
Рух бердің – мегзедің адал жолға!
Өмір-өлең, өткелсіз бұра тартар,
Жолдас болған өлеңмен бұны байқар.
Сұрқай күзде қоштаспан байырғы дос,
Талай, талай таңдардан үмітім бар.
Сырға АЛДАСҮГІРОВА
06 қараша 2025 ж. 218 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 269
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 426

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30