» » Қар түскенде... (фоторепортаж)

Қар түскенде... (фоторепортаж)

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде қар туралы қысқа ғана түсінік беріледі. «Қар — қыста жауатын, ақ түсті кристалдардан тұратын атмосфералық жауын-шашын». Ал әуелден жазда жайлауы құлпырған, қыста қалың қар басқан даламен етене өскен қазақ бұл атауға талай қосымшалар тіркеген. Солардың бірқатарына назар аударайық.
Ақша қар — жаңа жауған таза қар.
Алақанат қар — бір аумаққа жауып, бір аумаққа жаумай, жерге ала түскен қар.
Анжыр — қардың еріп қатуы. Қарғынға аралас қатқан қарлы мұз.
Боз қырау — күзгі күні тоңазудан болатын щық.
Жапалақ қар — ірі түйіршікті жапырақтап жауған қар.
Жылбысқы қар — ери жауған қар.
Көбік қар — жерге түскенде астыңғы қабаты ери беріп, беті көпіршіген жұмсақ қар.
Күпсек қар — қалың жауған ұлпа қар.
Күртік қар — беті қатқан, жаяу жүргенде ақсақ ойылатын қалың қар.
Қасат қар — ұзақ жатқан қалың қар.
Қиыршық қар — жентектелген түйіршік қар.
Қылау — ауадағы су буынан немесе салқын тұман тамшыларынан түрлі зат бетіне, ағаш бұтақтарына қонатын мұз қабаты.
Қырау — суық күзде тоңазыған дымқыл ауаның бір нәрсеге қар тәрізді ағарып қонған түрі.
Қырбық қар — жұқа жауған қар.
Мұздақ қар — үстін мұз торлаған, көкшіл түсті, беті жылтыр сырғанақ қар.
Омбы қар — ат бауырлайтын қалың қар.
Сонар қар — алғаш жауған қалың қар.
Сүрі қар — ерте түсіп, ерімей, қыс бойы қалыңдаған, тозаң топырақ сіңіп, беті күлгін тартқан нығыз қар.
Сіреу қар — ұзақ мезгіл мызғымай жатқан аяқ бастырмас, көлік жүрісіне бөгеу қатты қалың қар.
Ұлпа қар — түйіршіктері үлбіреген жеңіл үлпек қар.
Үйме қар — боранды жел сырғытып, бір жерге тау-төбе болып үйілген қар.
Үрме қар — жел үрлеп, жиынтықтанған тығыз қар.

Суреттерді түсірген Қазбек Тайбағаров
29 қаңтар 2020 ж. 2 004 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 393
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 184

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930