» » Шым-шытырық өмір-ай!

Шым-шытырық өмір-ай!

Ау, тірлігім! Қоштаспастан қайда кетіп барасың,
Күйбең тірлік сені іздейтін мені қайдан табасың?
Көз алдымда көлбеп сансыз сұрақтармен,
Жалғастырған – өлім-өмір арасын?
Ау, өмірім! Безінбе менен, мен әлі де тірімін,
Қатардамын, азбас-тозбас жаны ылғи сірінің.
Жүдеген тән, емделмес жан,
Үмітін сірә, үзбейтіндердің бірімін.
Ау, көңілім! Су сепкендей басылғаның неткенің,
Өткеріп-ек бұл өмірдің талай асу, өткелін?
Жырым қайда, сұранбай ма?
Күлкім неге көмескі?
Пәс қылдың да, сенде кері беттедің?
Ау, өлеңім! Мен өзіңмен тірі едім,
Арқа сүйеп, қанаттанып, марқайып бір жүр едім.
Арманыма айырбастап алуға,
Қара таппай, қапияда болып едің тірегім.
Бәрі, бәрі, бәрінің де жанғандығын сезіндім,
Осы ма екен алдамшы өмір – ара-жігі төзімнің?
Мұқалғанда бабалардың тіршіліктен ада боп,
Қылуеттен жай тапқанын кеш болса да түсіндім...
Сырға АЛДАСҮГІРОВА
07 қараша 2025 ж. 264 0

Ұқсас жаңалықтар:

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 073
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 285

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031