Жетім көңіл

Айдалада арман қалды аңырап,
Ой санада ел көшкендей қаңырап.
Көңілімде басылмаған солық бар,
Қара күзде қара ормандай жабығад(ы).
Қайсарлығым — қайралмады, жанылмай,
Селкеулерден майрылғанды емі табылмай.
Опасыз ой, сатқындығын жасады,
Жалғыздығын тауып алып, жаңылмай.
Жетім көңіл соқтықтың құзға барып,
Орап алып сөзімді тұзға малып.
Жолатпадың жөнімен құсалықтан,
Езіп ішкен уындай бойға дарып.
Жетім көңіл, жетімсіреп қала бердің,
Ойыма әр нәрсені сала бердің.
Көңілді көтеретін күндер қайда,
Қозғап кеттің, жанымның ескі дертін?

Сырға АЛДАСҮГІРОВА

01 тамыз 2026 ж. 157 0

Ұқсас жаңалықтар:

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

№81 (10549)

24 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 269
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 426

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30