» » » Көңіл құдіреті (өлең)

Көңіл құдіреті (өлең)


Адам көңілі құдіреттей әсерлі,
Бұл көңілде дүлей күш бар қатерлі.
Көңілденсең жанға жайлы шуақ күн,
Қобалжыса қара бұлттай нөсерлі.

Көңіл болса шабытың да тасады,
Ашық күндей нұр шуағын шашады.
Абайсызда көңіл қалса біреуге,
Ерік бермей құт-берекең қашады.

Көңілденсең жүрек шіркін ашылар,
Шабыт келіп жыр шумақтар шашылар.
Шыныдайын өте нәзік бұл көңіл,
Сәл нәрседен су сепкендей басылар.

Көңіл деген ағын судай арынды,
Қай адамда көңілденсе дарынды.
Көңіліңе қаяу түссе абайсыз,
Сол бір кесел жегідей жер жаныңды.

Маңдайынан сыйпағандай баланы,
Көңіл титтей нәрседен күш алады.
Қалар көңіл атам қазақ айтқандай,
Бір-ақ атым насыбайдан қалады.

Сол үшін де қалдырмайық көңілді,
Сыйласумен өткізейік өмірді.
Қалдырмасаң ешбір жанның көңілін,
Болар едің өзіңе-өзің сенімді.

Көңілденсең биік тұрар жалауың,
Лаулап тұрар көңілдегі алауың.
Құдіреттей күшті екен бұл көңіл,
Болып тұрса жүректегі қалауың.

Көрдім талай ой мен қырын өмірдің,
Қайғысызда қара суға семірдім.
Ағыл-тегіл дүниеден не пайда,
Егер қошы болмай тұрса көңілдің.

Тоқшылық ӨРІКБАЕВ

05 қаңтар 2021 ж. 1 727 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 056

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031