» » Таңғы көңіл-күйді көтерудің 7 тәсілі

Таңғы көңіл-күйді көтерудің 7 тәсілі

Таңғы көңіл-күйді көтерудің 7 тәсілі
Таңда тәтті ұйқыны қимай, көңіл-күйіміз түсетін сәттер болып тұратыны рас. Жұмысқа немесе сабаққа баруға зауқың соқпайды. Тіпті тамақ ішу мен далаға шығуға да құлқың болмайды. Ондайда өз көңіл-күйіңді өзің көтеруің керек. Ол үшін не істеу керек?
Таңғы көңіл-күй тамаша болуына бірден-бір себепкер жандар – балалар. «Балалы үй – базар» демекші, таң атысымен үйдегі бүлдіршінді еркелетсеңіз көңіл-күйіңіз көтеріліп, ұйқыңыз қалай ашылғанын да сезбей қаласыз. Әсіресе, жұмысбасты ата-ана үшін таң алдында балаларымен ойнау – күні бойы көңілді жүрудің кепілі. Сонымен бірге таңғы асты отбасы мүшелерінің барлығы бірге ішу де көңілге қуаныш сыйлайды.
Таңертең ерте тұрып жаттығу жасаңыз. Бұл сіздің күні бойы сергек жүруіңізге септігін тигізеді. Таза ауамен тыныстап жүгірудің де пайдасы зор.
Тәтті тағамдардан бас тартпаңыз. Таңертең тәтті тағамдармен шай ішу де көңіл-күйге әсерін тигізеді. Жаныңыз жадырап, көңіл шуағы жарқырайды. Дастарқандағы түрлі тағамдардың иісі де көңіл-күйді көтереді. «Таңғы ас – тәңірден» демекші, тоя жеуден қашпаңыз.
Сүйікті әуеніңізді тыңдаңыз. Таңертең тұрғанда жаныңызға жақын әуенді тыңдаған да, көңіл-күйге әсер етеді. Күні бойы сол әуеннің ырғағымен тербеліп, құлазуға жол бермейсіз.
Жақын адамдарыңызға қоңырау шалыңыз. Жаныңызға жақын жандармен сырласып, телефон арқылы көңіл-күйін көтеруге де болады. Өзге жанға қуаныш сыйласаңыз, сіздің де көңіліңіз жадырап қалары сөзсіз.
Үй жануарларына көңіл бөліңіз. Таңертең үй жануарларын тамақтандырудың өзі көңіл-күйді көтереді.
10 минут назарыңызды өзге іс жасауға арнаңыз. Таңертең жұмысқа құлшынысыңыз болмай тұрса, назарыңызды өзге арнаға бұрыңыз. Жұмыс үтселіңізді реттеңіз, гүлге су құйыңыз, таза ауада тыныстаңыз, ескі альбомды ақтарыңыз, т.б.
26 мамыр 2018 ж. 1 532 1

JeaCold от 19 ақпан 2019 23:58
Cvs Propecia Cost online pharmacy Cialis Original Gunstig Amoxicillin Dosage Cats Uk Buy Synthroid

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 025

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031