» » СЫР ЕЛІ – ЖЫР ЕЛІ

СЫР ЕЛІ – ЖЫР ЕЛІ


Тамыз келді

Тамыз келді, тамылжытып жемісін,
Қиялымда өрнектелген тау мүсін.
Құстардың да шаттанатын кезі кеп,
Үйлесіп тұр табиғатпен әсем үн!

Қандай ғажап, көз тоймайтын осы шақ,
Маужыраған, тамылжыған жазғы бақ!
Қызыл, көгі, сарысы бар алманың,
Ішпей, жемей қарағаннан көңіл шат.

Жаздың жарқын әр күнінен үлесін,
Алып жүріп, мәз-мейрам боп күлесің?!
Халқымыздың ризығы мен нәсібін,
Болдым менде, бір адамдай білетін.

Көпсінбейін жаздың берер сыйын да,
Еңбектенсең, соқтырмайды қиынға.
Жаздың көркін жыр етуден талмайын,
Көтерілер көңіл болса – бұйым ба?

Бүгінгі күн мен үшін...

Мамыражай, тым-тырыс, дыбыста жоқ,
Қайда кеткен – шулыған... белгісіз боп?
Бұның бәрі... мен үшін
...Қашпайын көп. Жайсыздықтан арылу, босаңсудан...
Шыққандайма, жиекке... салым судан?..
Бұл мен үшін жасалған... сыйым ба... әлде?
Адасқаным емес пе, қалың нудан?
Жоқ ... мен үшін берілген күн,
Жайнап тұр ғой жан-жағым... сенімдімін.
Ақ пен қара қосылып, айырылысар,
Сәтті күттім... келді бүгін!
Сырға АЛДАСҮГІРОВА
05 тамыз 2025 ж. 218 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 069

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930