Таңға сыр

Таң бозарып, атқанына қуандым,
Куәсі боп, жатқаныма қуандым.
Пенделерге сын айтатын жөнім не,
Атпай, шаппай бір мезетте суалдым?
Ақталайын таңғы сырды сіңіріп,
Еш нәрсеге алаң болмай «тіріліп».
Сауын айтып, шер тарқатсам деп едім,
Ешбір жерден таппағанда ірілік?
Аласартпа, арайы мол таңым-ау,
Ақ таңдарға — әркім білем зәру-ау.
Жүрек күпті, жиілетті соғуын,
Аласұрған, албастыдай түр — мынау...
Арашала, күпірліктен ақ таңым,
Ойламаппын, мүлде өзім бас қамын.
Білсем етті, тірлігімнің арқауын,
Ақ таңдарда, мен білмейтін бақ барын?!.
Таңда тұрып есеп бердім өзіңе,
Сергелдеңнен селкеу түсті көңілге.
Бақ па, сор ма, ар азабын тартсам да,
Жауаптымын, қапыл айтқан сөзіме.
Шапағы бар, нұры бар алау таңым,
Жат көрмессің, сөзіме құлақ салғын.
Тыңдататын басқаны менде ой жоқ,
Не болса да сырымды саған айттым.
Рауандап атқан таңмен мұңдастым,
Қапастарда бұғауланған сырды аштым.
Ала таңда шағаладай шарық ұрған,
Үміттерім, таңнан-таңға ұлассын!

Сырға АЛДАСҮГІРОВА

02 тамыз 2026 ж. 279 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 269
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 426

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30