Ой

Мен осы қандай адаммын?
Деп сұрақ қойдым өзіме.
Қай жаққа кейін барамын?
Ойлансам, алман көз іле.
Ойланып көрдім отырып,
Ойландым тағы жүргенде.
Танытпай әсте олқылық,
Ұмтылдым әркез білгенге.
Ойландым түнде жатқанда,
Таңды да оймен атырдым.
Үмітпен қарап ақ таңға,
Көңілсіз күндер батырдым.
Оқыдым кітап ізденіп,
Ойымыз ұқсас болар деп.
Тағдырды тергеп, тізбедік,
Ол ісім қате болар деп.
Оңаша жүрдім ойменен,
Ой менің досым секілді.
Сырласқан сайын ойменен,
Жүректің кірін кетірді.
Ойладым сосын атымды,
Гүл менен Нұрдың мақсатын.
Өмірден алып хақымды,
Шықсыншы ылғи жақсы атым.
Оқыдым талай ақынды,
Ойлаумен өткен өмірін.
Ой мені терең батырды,
Одан да қалды көңілім.
Ойланып тағы жүр едім,
Оң-терістігін ісімнің.
Асаудай тулап жүрегім,
Кенеттен сосын түсіндім.
Ой мені сүйреп, жетелеп,
Ұқтырды мәнін бәрінің.
Жүргенім осы еркелеп,
Таңдаулысы екем Тәңірдің...
Сұрақ қой сен де өзіңе,
Жайымды сосын ұғарсың.
Көңіл бөл менің сөзіме,
Жақсы адам, бәлкім, шығарсың...
Адамдық атты ақтарсың,
Пайда жоқ ессіз күлгеннен.
Құдайым өзі сақтарсың,
Ойсыз боп өмір сүргеннен.
Гүлнұр БЕКТҰРАРҚЫЗЫ
09 наурыз 2026 ж. 359 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 269
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 426

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30