» » Түн ішінде есік қаққан әруақ

Түн ішінде есік қаққан әруақ

Түн ортасында есік қағылды, «дзин-дзин» ...
Фуууф мына алқаш көрші де адамды мезі еттіп бітті. Амал жоқ тұрдым. Сағат түнгі үш екен. Ай сені ме, Сергей! Есікке барып, глазоктан қарадым. Иә араққа сылқия тойған Сергей көршім. Өз пәтерін тауыпты-ау әйтеуір. Бір қабатта екі пәтер болсақ та, ол адасады да жүреді. Кілтін іздеп жатыр. Шаруам қанша...
Қайта келіп төсегіме жаттым. Бір кезде, тарс етіп бірнәрсе құлады, сосын біреудің жан дауысы шығып айғайлағаны есітілді. «Көршім құлап қалған шығар, көмектесейін» деп ойладым. Қайта тұруға тура келді. Тесіктен қардым. Жүрегім суу ете қалды. Себебі, есігімнің арғы жағында, не бары екі-үш метр жерде қан жоса боп дірілдеп, солқылдап көршім Сергей жатыр. Ал, оның үстіне бір мақұлық отырып алған. Иә, мақұлық! Оны адам деп айтуға келмейді. Үстіндегі аппақ жейдесі көршімнің қанымен қызылға боялған, шашы дуда-дуда болып кеткен әйел заты секілді. Енді бір кезде ол Сергейдің бетін тістелеп, жеуге кірісті. Иә-иә, бетін жеп отыр. Кәдімгі аш иттердей көршімнің бет терісін сылап алып, жеп отыр. Өмірде мұндай сұмдықты көргенім осы. Подъезде свет жанып тұрғаны қандай жақсы болған десеңізші... Әйтпесе, қараңғыда не болып жатқанын білмей, есікті ашып жіберер ме едім?! Онда не боларын кім білсін?! Құдай сақтады...
Тіпті полицияға хабарласу да сол кезде ойыма келмепті. Қорқыныштан тастай болып, қатып-семіп қалыппын. Бір кезде, жаңағы мақұлық көршімнің көздерін... Елестетіп отырсыз ба, көздерін ойып алып жатыр. Ананы көріп, жаным түршігіп кетті! Уууахх... Жүрегім көтеріліп, лоқсыдым. Сол кезде дауысым шығып кетті. Өзім де байқамай қалдым. Дауыс аса қатты шыққан да жоқ сияқты еді. Мақұлық Сергейдің бетін жеуін дереу тоқтата қалды. Бір кезде жаймен орнынан тұрып, менің үйімнің есігіне қарай бұрылды. Дауысым шығып кеткеніне қатты өкіндім. Қатты өкіндім!!! Бірақ енді бәрі де кеш еді. Ол бері бұрылғанда оның бет-әлпетін анық көрдім. Өңі боп-боз. Көздері қып-қызыл, ағы жоқ. Кәдімгі қанға толған қызыл көз. Тарпа бас салғалы тұрған жыртқыштай, сояудай тістері ырсиып-ырсиып тұр. Құдайым сақтай гөр! Бір кезде ол бір дыбыс шығарды. Кішкентай баланың қуанғанда шығаратын дыбысы сияқты. Иә-иә, дәл сондай дыбыс. Қуанышты дыбыс. Шамасы мені тапқанына қуанып тұрған секілді. Менің есігіме қарай жүргенде, мен қорқыныштан тарс етіп еденге құлап түстім. Есім кірелі-шығалы болып тұрса да есіктен көз алмай жатырмын. Осы бір сәтте маған есігімнің арғы жағында жаналғыш әзірейіл тұрғандай елестеді. Міне-міне есік ашылып, мақұлық үйге кететіндей көрінді.
ТУК-ТУК!!!
Содан кейін есігімді жұлқылай бастады, есікті қиратып тастардый соққылап, жұлқылап жатыр. Сол сәтте ол мені ұрып жатқандай, сүйектерім сырқырап кетті. Бір кезде тыныштық орнады. Орнымнан тұрып, есіктің тесігінен қардым. Мақұлық маған тесіле қарап тұр. Денем дірілдеп, буыным босап, оттырып қалдым. Өлімін күткен жемтіктей бүрісіп отырмын. Қорыққаным соншалық, бір кезде есімнен танып бара жатқанымды сездім.
Есімді жисам, біреу есік қоңырауын тынымсыз басып тұр екен. Арғы жақтан біреудің «ашыңыз бұл полиция!» деген дауысы есітілді. Ол дауыс маған «аш мен сенің қорғаушы періштеңмін» дегендей есітілді. Жалма-жан тұрып, есіктің тесігінен қарадым. Полиция екеніне көз жеткізген соң есікті аштым. Байқаймын, көршімді ақтықпен жауып қойпты. Бұл кезде таң да атқан екен.
Мен оларға көрген-білгенімнің бәрін бұлжытпай айттым. Қалай болды, солай айттым. Бірақ олар менің сөзіме сенбеді. Олар мені есі ауысқан адамға санады. Бірде-бір сөзіме сенбеді. Егер өз көзіммен көрмесем, мен де ондай сөздерге сенбес едім. Бірақ мен мұның бәрін өз көзіммен көрдім. Шатасқын түгім жоқ, есім дұрыс. Тексерілсем мұны кез келген дәрігер растайды. Бірақ менің көргенім, ақиқаттан гөрі аңызға ұқсас болып тұрғанын өзім де білем.
Құрысын бәрі. Ол сұмдықтан кейін 2-3 апта өтті. Бір күні кешке үйге келіп, дәлізге кіргенде, қабырғада «күт мені» деген жазу тұр. Мен сол түні барлық есік тесікті мықтап жауып, шкафтың ішіне кіріп ұйықтап шықтым! Ертеңінде күнделікті қажет заттарымды алып, басқа қалада тұратын тәтемнің үйіне біржолата кеттім. Бұл қалада қалғым келмеді. Үйді жарты бағаға саттым да тайып тұрдым.
Маған сену сенбеу өз еріктеріңіз. Сіздерге айтарым, сақ болыңыздар! Бейтаныс адамға есік ашпаңыздар. Мен бұл жағдайды ойдан құрап айтып отырғам жоқ. Есім де дұрыс.


06 қыркүйек 2019 ж. 1 679 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 029

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031