Құрылтай
» » ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР – БАСТЫ НАЗАРДА

ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР – БАСТЫ НАЗАРДА

Аудан әкімі Жандос Еркінбек жұмыс сапарымен Қармақшы ауылдық округіне қарасты Қызылтам елді мекеніне барып, ауыл тұрғындарымен кездесті. Сапар барысында аудан басшысы елді мекендегі бірқатар әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандарды аралап, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты.
Сапардың алғашқы нысаны – Жалағаш – Жосалы автожолы бойындағы теміржол арқылы өтетін көпір аумағы болды Аудан әкімі көпірге жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарына байланысты Қызылтам елді мекені мен көпір аралығындағы ұйымдастырылған уақытша айналма жолдың жағдайын көрді. Аталған бағыт тұрғындар үшін маңызды қатынас жолдарының бірі болғандықтан, жолдың қауіпсіздігіне, көлік қозғалысының тұрақтылығына және тұрғындардың еркін қатынауына ерекше назар аударды. Жауапты сала мамандарынан атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат алып, уақытша жолдың талапқа сай болуын, қауіпсіздік шараларының толық сақталуын қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырма беріп, жөндеу жұмыстарының белгіленген мерзімде әрі сапалы аяқталуы қажеттігін атап өтті.
Сапардың келесі бағыты – Қызылтам елді мекеніндегі №79 орта мектеп болды. Аудан басшысы білім беру ұйымының материалдық-техникалық базасымен танысып, мектептің жаңа оқу жылына дайындығын тексерді. Мектеп ғимаратын аралау барысында оқу кабинеттерінің жабдықталуы, білім алушылар үшін жасалған жағдайлар, сынып бөлмелерінің талапқа сәйкестігі және білім беру үдерісінің сапалы ұйымдастырылуына қажетті мүмкіндіктер қаралды. Аудан әкімі мектеп ұжымымен кездесіп, білім саласындағы атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы міндеттер жөнінде пікір алмасты.
Білім беру мекемесінің тұрақты жұмыс істеуі, оқушыларға қолайлы орта қалыптастыру және оқу сапасын арттыру бағытындағы жұмыстарды жалғастыру қажеттігі айтылды. Осы ретте жауапты тұлғаларға мектептің жаңа оқу жылына дайындығын қамтамасыз ету, анықталған мәселелерді уақытылы шешу жөнінде тапсырма берілді.
Жұмыс сапары аясында аудан әкімі Жандос Еркінбекұлы Қызылтам елді мекенінің тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында ауылдың әлеуметтікэкономикалық дамуы, инфрақұрылымды жақсарту, тұрғындарды толғандыратын мәселелер және алдағы кезеңде жүзеге асырылатын жобалар туралы кеңінен сөз қозғалды.
Тұрғындар өздерінің ұсыныс-пікірлерін білдіріп, ауылдың тыныс-тіршілігіне қатысты бірқатар мәселелерді ортаға салды. Аудан басшысы көтерілген мәселелерді мұқият тыңдап, әрбір ұсыныстың назарға алынатынын атап өтті. Кездесуде айтылған мәселелер бойынша тиісті түсіндірмелер беріліп, оларды шешу жолдары талқыланды.
Аудан әкімі тиісті сала басшыларына тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелерді зерделеп, оларды кезеңкезеңімен шешу бағытында нақты жұмыстар жүргізуді тапсырды. Сондай-ақ ауылдық округтердің дамуы, халықпен тұрақты байланыс орнату және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру бағытындағы жұмыстарды жалғастыру қажеттігін атап өтті.
Сапар соңында аудан басшысы Жандос Еркінбек тарихи-мәдени маңызы бар Марал ишан кесенесіне барып, нысанға электр желісін тарту жұмыстарының барысымен танысты. Жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапасы, орындалу қарқыны және белгіленген талаптарға сәйкестігі қаралып, жауапты мамандарға құрылыс-монтаж жұмыстарын сапалы орындап, нысанды белгіленген мерзімде пайдалануға беруді қамтамасыз етуді тапсырды. Сонымен қатар тарихи орындардың инфрақұрылымын жақсарту, оларды халыққа қолжетімді ету және руханимәдени нысандарды дамыту бағытындағы жұмыстардың маңыздылығына тоқталды.
Қызылтам елді мекеніне жасалған жұмыс сапары барысында көтерілген мәселелерді шешу, әлеуметтік нысандардың жағдайын жақсарту және ауыл инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жұмыстардың маңыздылығы айқындалды. Аудан әкімінің мұндай сапарлары тұрғындармен тікелей байланыс орнатып, елді мекендердің өзекті мәселелерін нақты шешуге мүмкіндік береді.
«ҚТ» ақпарат
30 шілде 2026 ж. 54 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

№55 (10523)

25 шілде 2026 ж.

№54 (10522)

21 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 566
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 030

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031