» » АУДАН ӘКІМІ АУЫЛДАРДА АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ЖҰМЫСТАРМЕН ТАНЫСТЫ

АУДАН ӘКІМІ АУЫЛДАРДА АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ЖҰМЫСТАРМЕН ТАНЫСТЫ


Ауылдардың әлеуетін арттырып, тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсарту – аудан басшылығының басты бағыты. Осы мақсатта аудан әкімі Жандос Еркінбек жұмыс сапарымен Алдашбай ахун ауылдық округіне барып, Ә.Егізбаев көшесіне жүргізіліп жатқан жол жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.

Көшенің жалпы ұзындығы 2,5 шақырымнан асады. Бұдан бөлек ауыл халқының тұрмыс-тіршілігін жақсарту мақсатында да бірнеше жұмыстар жүйелі атқарылып келеді.

Сапар барысында аудан басшысы ауыл ақсақалдарымен кездесіп, елді мекенде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Ақсақалдар қауымы ауылдағы оң өзгерістерге ризашылықтарын білдіріп, әкімге алғыстарын айтты. Өз кезегінде Жандос Еркінбек ауылдарды дамыту бағытындағы мұндай жұмыстардың алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті.

24 қазан 2025 ж. 335 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 269
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 426

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30