Құрылтай
» » ЖОЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУДА

ЖОЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУДА


Аудан әкімі Жандос Еркінбек облыстық маңызы бар «Жалағаш–Жосалы» автомобиль жолының Қармақшы ауданы аумағындағы 46-шақырымында орналасқан теміржол арқылы өтетін көпірді күрделі жөндеу жұмыстары кезінде Қызылтам елді мекені тұрғындарының қатынауына қолайлы жағдай жасау мәселесі бойынша нысан басына арнайы барып, жағдаймен танысты.

Қазіргі таңда жөндеу жұмыстары жүргізілуіне орай тұрғындар уақытша ұйымдастырылған топырақ төселген айналма жол арқылы қатынауда. Осыған байланысты аудан басшысы мердігер мекемеге айналма жолдың жай-күйін реттеп, тұрғындар мен жолаушыларға қолайлы жағдай жасауды қамтамасыз ету жөнінде міндеттер жүктеп, тиісті мерзім белгіледі.

Жалпы ұзындығы 69,2 метр болатын көпірдің құрылыс жұмыстары 2026 жылғы 19 мамырда басталған.

Сапар барысында Жандос Еркінбек жауапты басшыларға жұмыстың сапалы әрі белгіленген мерзімде орындалуын қамтамасыз ету жөнінде тапсырмалар берді.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

02 маусым 2026 ж. 140 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (10527)

08 тамыз 2026 ж.

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 638
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 096

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31