» » ЖОЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУДА

ЖОЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУДА

Биылғы 19 мамырдан бастап облыстық маңызы бар «Жалағаш – Жосалы» автомобиль жолының аудан аумағындағы 46-шақырымында орналасқан теміржол өткелі арқылы өтетін көпірге күрделі жөндеу басталды. Бүгінде бұл жоба аудан әкімінің тұрақты бақылауында.
Қазір көпірді жөндеуге байланысты көлік қозғалысы уақытша айналма жол арқылы ұйымдастырылған. Осыған орай Қызылтам елді мекені мен көпір аралығындағы ұзындығы 8 шақырым болатын уақытша топырақты жолдың жай-күйін жақсарту және қауіпсіз қатынасты қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімдігі мен тапсырыс беруші мекеме облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бірлескен жұмыстар атқаруда.
Бүгінде жолдың жүріс бөлігіне фрезирленген материал төселіп, шаңның алдын алу үшін күн сайын су себілуде. Бұл шаралар тұрғындар мен жүргізушілердің қолайлы әрі қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз етуге бағытталып отыр.
«ҚТ» ақпарат
24 маусым 2026 ж. 269 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

№81 (10549)

24 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 269
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 426

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30