Құрылтай
» » ӘЗЕРБАЙЖАН ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНДА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БОЛДЫ

ӘЗЕРБАЙЖАН ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНДА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БОЛДЫ


Әзербайжан техникалық университетінің халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры, доктор Фариз Маммадов, радиоэлектроника және телекоммуникациялар кафедрасының меңгерушісі, профессор, доктор Мехман Хасанов және экономикалық мәселелер жөніндегі кеңесші Наиб Гаджиев жұмыс сапарымен Қармақшы ауданында болды.

Сапар аясында делегация мүшелері Қорқыт ата мемориалдық кешенінде болып, қасиетті мекеннің тарихымен, сәулеттік ерекшелігімен және Қорқыт атаның түркі халықтарының рухани-мәдени мұрасындағы айрықша орны туралы жан-жақты мәлімет алды.

Қонақтар мемориалдық музейдің экспозицияларымен танысып, Қорқыт мұрасына қатысты тарихи-мәдени құндылықтар, археологиялық жәдігерлер мен сирек кездесетін музей қорындағы экспонаттарды тамашалады. Музей қызметкерлері арнайы экскурсия ұйымдастырып, өңірдің бай тарихи мұрасы мен Қорқыт атаға қатысты құнды деректер туралы кеңінен ақпарат берді.

Делегация өкілдері кешен аумағын аралап, тарихи-мәдени нысандарды көріп, Қорқыт ата мемориалдық кешенінің түркі дүниесі үшін маңыздылығын ерекше атап өтті. Сондай-ақ Қармақшы өңірінің тарихи-мәдени әлеуетіне, туризмді дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға жоғары бағаларын білдірді.

Қорқыт ата мемориалдық кешені – ұлттық құндылықтарды дәріптеп, түркі өркениетінің ортақ рухани мұрасын насихаттайтын киелі орындардың бірі. Бүгінде бұл кешен Қазақстанның ғана емес, шетелдік туристер мен ғылыми қауым өкілдерінің де қызығушылығын тудыратын маңызды тарихи-мәдени орталық ретінде танылып келеді.

26 шілде 2026 ж. 212 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№62 (10530)

17 тамыз 2026 ж.

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 700
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 145

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31