КИЕЛІ МЕКЕНГЕ ТАҒЗЫМ
Бүгін Қызылорда облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев бастаған ардагерлер кеңесінің мүшелері жұмыс сапарымен киелі Қармақшы ауданымызға келіп, Қорқыт ата мемориалдық кешенінде болды.
Сапар барысында қонақтар түркі халықтарына ортақ ұлы ойшыл, жырау, қобызшы Қорқыт ата рухына тағзым етіп, құран бағыштады. Одан кейін тарихи-мәдени нысанның жұмысымен танысты.
Қасиетті бабаның есімі түркі дүниесінің рухани мәдениетімен тығыз байланысты және оның мұрасы бүгінгі күні де өзектілігін жоғалтқан жоқ. Сондықтан кездесу барысында ардагерлерге мемориалдық кешеннің тарихымен қатар, Қорқыт ата өмірі мен шығармашылығына, Сыр елінің тарихына қатысты жәдігерлер жөнінде мәлімет берілді.
Жұмыс сапары аясында келген қонақтарға құрмет көрсетіліп, ал ардагерлер аудан халқының қонақжайлығына ризашылықтарын білдірді. Сондай-ақ ұлы абыз мұрасын дәріптеп, тарихи құндылықтарды сақтау бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға өздерінің оң бағаларын білдірді.
Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

















