» » АҚМОЛА ТӨРІНДЕ ӨТКЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СПАРТАКИАДАДА ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ЛАЙЫҚТЫ ӨНЕР КӨРСЕТТІ

АҚМОЛА ТӨРІНДЕ ӨТКЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СПАРТАКИАДАДА ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ЛАЙЫҚТЫ ӨНЕР КӨРСЕТТІ


2026 жылдың 8–18 шілде аралығында Ақмола облысының Көкшетау қаласында жергілікті атқарушы органдар қызметкерлері арасында дәстүрлі республикалық спартакиада өтті. Еліміздің барлық өңірінен жиналған мемлекеттік қызметшілер спорттың бірнеше түрінен сынға түсіп, өз өңірлерінің намысын қорғады.

Аталған республикалық додада Қызылорда облысының құрамасы сапында Қармақшы ауданынан Дауылкөл ауылдық округінің әкімі Сабырхан Зайыров пен Қуаңдария ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Алмат Жалғасбаев ұлттық спорттың төл ойыны – тоғызқұмалақтан бақ сынады.

Тартысқа толы жарыс қорытындысы бойынша Қызылорда облысының құрамасы 18 команданың ішінен VII орынды иеленді. Бұл нәтиже – жерлестеріміздің кәсіби шеберлігі мен ұлттық спортқа деген құрметінің, табандылығы мен жауапкершілігінің айқын көрінісі.

Жерлестерімізді республикалық деңгейдегі айтулы жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындырып, ауданымыздың және өңіріміздің мерейін асқақтата берулеріне тілектеспіз.

23 шілде 2026 ж. 119 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

№81 (10549)

24 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 269
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 426

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30