» » Жас көшбасшылар жеңіс төрінде

Жас көшбасшылар жеңіс төрінде





Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастыруымен Ақтау қаласында өткен «Үздік мектеп парламенті» республикалық байқауы өз мәресіне жетті.

2026 жылғы 11-13 мамыр күндері өткен республикалық деңгейдегі білім мен көшбасшылық алаңына еліміздің барлық өңірлерінен 20 команда, 100-ден астам белсенді жас көшбасшы қатысты.

Байқауда Қызылорда облысының намысын Қармақшы ауданы бойынша О.Шораяқұлы атындағы №30 орта мектептің «ALAR» тобы қорғады. Команда мүшелері жоғары дайындық деңгейі мен көшбасшылық қабілеттерін танытып, үздіктер қатарынан көрінді. Нәтижесінде Сыр өңірінің командасы жүлделі III орынға ие болды.

Бұл жетістік – өскелең ұрпақтың азаматтық белсенділігі мен көшбасшылық әлеуетінің, сондай-ақ білім беру ұйымдарындағы «Мектеп парламенті» құрылымдарының жүйелі әрі нәтижелі жұмысының нақты көрінісі.
14 мамыр 2026 ж. 223 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

№81 (10549)

24 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 269
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 426

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30