» » "Республикалық Әбіш оқулары"

"Республикалық Әбіш оқулары"

qarmaqshy-tany.kz  Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен 2022 жылдың 26 қазан күні Қызылорда қаласы, С.Шаухаманов атындағы №9 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-Инновация» лицей-интернаты базасында жалпы білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушыларына арналған "Республикалық Әбіш оқуларының" облыстық кезеңі өткізілді.
Облыстық кезеңге 4 бағыт бойынша барлығы 39 оқушы қатысып, 9 оқушы және 5 команда облыстық білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды.
І бағыт. Ә.Кекілбаев шығармаларынан иллюстрациялық суреттер байқауы І орын иегері: Нятова Маржан-Қармақшы ауданы, 80 мектеп, 9 сынып, ІІ орын иегері: Өміртай Нұржайна-Жалағаш ауданы, №201 мектеп, 10 сынып, ІІІ орын иегері: Шәкір Нұрбине-Қызылорда қаласы, №4 ОММЛИ, 9 сынып.
ІІ бағыт. Ә.Кекілбаевтың шығармаларын (прозасы, поэзиясынан) мәнерлеп оқу байқауы; І орын иегері: Нұрмағанбетова Аруна-Жаңақорған ауданы, №229 мектеп, 9 сынып, ІІ орын иегері: Әуезхан Толғанай-Жалағаш ауданы, №118 мектеп, 9 сынып, ІІІ орын иегері: Хасенова Нұрсая-Қазалы ауданы, №170 мектеп, 9 сынып.
ІІІ бағыт. Ә.Кекілбаевтың шығармалары бойынша зерделеу жоба байқауы; І орын иегері: Жахат Аяулым-Жалағаш ауданы, №123 мектеп, 11 сынып, ІІ орын иегері: Қожаберген Көркем-Қазалы ауданы, №226 мектеп, 10 сынып, ІІІ орын иегері: Қуантханова Алтынай-Қармақшы ауданы, №279 мектеп, 8 сынып.
ІV бағыт. Ә.Кекілбаевтың шығармаларынан сахналық қойылым байқауы. І орын: Қазалы ауданы, №249 мектеп тобы, ІІ орын иегерлері: Жалағаш ауданы, №123 мектеп тобы, Арал ауданы, №2 ОММЛИ тобы, ІІІ орын иегерлері: Қармақшы ауданы, №80 мектеп тобы, Жаңақорған ауданы, №196 мектеп тобы.
Барлық жеңімпаздарды жүлделі орындарымен құттықтаймыз! Байқаудан озып шыққан 8 оқушы ағымдағы жылдың 10 қараша күні Маңғыстау облысында өтетін республикалық қорытынды кезеңге жолдама алды.

26 қазан 2022 ж. 1 032 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 409
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728