» » Волейбол лигасы мәресіне жетті

Волейбол лигасы мәресіне жетті

qarmaqshy-tany.kz Ауданда спорт түрлерін дамыту арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру, тұрғындарды денешынықтыру мен спортпен жүйелі шұғылдануға тарту, волейболшылардың шеберлік деңгейін одан әрі көтеру, спорт резервін даярлауды қамтамасыз ету, аудан құрама командасын үздік ойыншылармен толықтырып, оларды облыстық, республикалық жарыстарға қатыстыру мақсатында осы жылдың 5 ақпанында бастау алған жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері арасында волейболдан өткен аудандық біріншілік мәресіне жетті.

14 командада 140 спортшы қатысқан волейбол лигасында осы уақыт аралығында әр команда лига жеңімпазы атану үшін бар күш-жігерін салып, нәтижесінде «А» лигасы бойынша І орынды О.Шораяқұлы атындағы No30 орта мектеп құрамасы, жүлделі ІІ орынды Байқоңыр қаласындағы No272 орта мектеп құрамасы, ал жүлделі ІІІ орынды Төретам кентіндегі Т.Жүргенов атындағы No80 мектеп-лицейі құрамасы иеленді. Ал «Б» лигасы бойынша Төретам кентіндегі Жанқожа батыр атындағы No269 орта мектеп командасы жеңімпаз атанса, ІІ орынға Жосалы кентіндегі Ш.Уәлиханов атындағы No26 орта мектеп командасы, ІІІ орынға аудандық аграрлы-техникалық колледж құрамасы көтерілді.
Сонымен аудан әкімінің кубогі үшін өткен финалдық ойындарда No30 орта мектептің волейболшылары жарыс жеңімпазы атанса, ІІ орынды No80 мектеп-лицейі, ІІІ орынды No107 орта мектеп командасы иеленді.
Ашық біріншілікте үздік ойынымен көрермен көзайымы атанған спортшыларға түрлі номинация мен аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің дипломы, демеушілердің сыйлықтары табысталды.
Атап айтар болсақ, «Үздік ойыншы» номинациясымен No30 орта мектептің ойыншысы Р.Райымбаев, No269 орта мектептің ойыншысы Қ.Омаров, «Үздік үйлестіруші» номинациясымен No272 орта мектептің ойыншысы Ж.Бұхарбаев пен No26 орта мектептің ойыншысы М.Айытбаев, «Үздік тосқауыл» номинациясымен, No80 мектеп-лицейінің ойыншысы А.Жетіруов марапатталды.
Нұрбай ӘБІЛАХАТҰЛЫ
22 қараша 2022 ж. 797 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 373
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.
Көңілді кеш

Көңілді кеш

25 тамыз 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 148

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930