» » Ұстаздар арасындағы спорттық сайыс

Ұстаздар арасындағы спорттық сайыс

ЖОСАЛЫ, 13 қаңтар – qarmaqshy-tany.kz Төретам кенті №85 орта мектепте "40 жылдыққа - 40 игілікті іс" жобасы аясында Төретам, Ақай ауылындағы білім қызметкерлері арасында спорттың шахмат, тоғызқұмалақ, арқан тарту, асық ату және үстел теннисі түрлерінен аймақтық спартакиада өткізілді.
Спартакиадада Төретам кентінің №80 мектеп-гимназиясы, №269 мектеп және №85 мектеп құрамалары мен Ақай ауылының #279 мектеп құрамасы бақ сынасты. Спорттың шахмат түрінен 1-орынды №279 мектеп құрамасы, 2-орынды №269 мектеп құрамасы, 3-орынды №85 мектеп құрамасы иеленсе, тоғызқұмалақтан 1-орынды №85 мектеп құрамасы, 2-орынды №279 мектеп құрамасы, арқан тарту сайысынан 1-орынды №85 мектеп құрамасы, 2-орынды №80 мектеп-гимназиясының құрамасы, 3-орынды №279 мектеп құрамасы, Үстел теннисі жарысында 1-орынды №85 мектеп құрамасы, 2-орынды №269 мектеп құрамасы, 3-орынды №80 мектеп-гимназия құрамасы иеленді. Асық ату сайысында 1-орынды №85 орта мектептің мұғалімі Тұрмаханов Ұлықбек, 2-орынды №269 мектеп мұғалімі Омаров Қайрат, 3-орынды №80 мектеп-гимназия мұғалімі Кенжеғұлов Олжас иеленді. Спартакиада бағдарламасы бойынша жалпы командалық есепте 1-орынды №85 мектеп құрамасы, 2-орынды №279 мектеп құрамасы, 3-орынды №269 мектеп құрамасы иеленді. Сонымен қатар, Шахмат ойынында үздік ойын көрсеткені үшін №269 орта мектептің мұғалімі Иманалы Нұрлыбек, №80 мектеп-гимназиясының мұғалімі Аяпова Маржан, тоғызқұмалақ ойынынан №279 орта мектептің мұғалімі Мылтықбаева Нұргүл "Үздік ойыншы" номинациясымен марапатталды. Спартакиада жеңімпаздарын құттықтап, алдағы сайыстарда тек биіктен көріне берулеріне тілектестігімізді білдіреміз!
13 қаңтар 2020 ж. 2 909 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№44 (10512)

13 маусым 2026 ж.

№43 (10511)

09 маусым 2026 ж.

№42 (10510)

06 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 295
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 827

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930