Шағын футболдан "Байқоңыр лигасы" өз мәресіне жетті
Үстіміздегі жылдың 23 қазаннан бастап 12 желтоқсан күндері аралығында, әр аптаның сенбі және жексенбі күндері Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай шағын футболдан «Байқоңыр» лигасы №279 орта мектебі мен Төретам кентіндегі «Дене шынықтыру сауықтыру» кешенінде өткізіліп өз мәресіне жетті.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай «Жастар ресурстық орталығы» Байқоңыр қалалық бөлімі мен «Nur Otan» партиясы Байқоңыр филиалы бірлесіп Байқоңыр қаласы, Төретам кенті және Ақай ауылдық округінің жастары арасында салауатты өмір салтын сақтау мақсатында шағын футболдан «Байқоңыр» футбол лигасының жабылу рәсімі өткізілді. Лигаға 16 команда 160 дан астам спортшы қатысып, арнайы «Nur Otan» партиясы атынан сайланған Қармақшы аудандық маслихат депутаттары Ә.Қошалақов, С.Жумадияров пен И.Кабатова, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Н.Мырзабаев және Төретам кентінің әкімі Ғ.Елеусінов жастарға сәттілік тілеп, сайыстың қорытындысы бойынша жеңімпаз және жүлдегер командаларды құттықтады. Жеңімпазда мен жүлдегер командаларға арнайы кубог, медаль және дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Байқоңыр лигасын а.ж. 23 қазаннан бастап 12 желтоқсан күні аралығында ойындарды әділ төрешілік жасаған төрешілер алқасына және 5 төрешіге аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Н.Мырзабаевтың атымен арнайы алғыс хаттар табыс етілді.
Жеңімпаз және жүлдегер командаларды атап айтар болсақ.
Байқоңыр І лигасында
ІІІ орынды – КЦЮ АТЗО командасы
ІІ орынды – ЦЭНКИ конандасы
І орынды – ШКОЛЬНИК командасы
Байқоңыр ІІ лигасында
ІІІ орынды – ДЮСШ командасы
ІІ орынды – ДОС командасы
І орынды – СПАРТА командасы