» » ҚОҒАМДЫҚ МҮЛІККЕ ЖАНАШЫРЛЫҚ – ӘРКІМНІҢ ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

ҚОҒАМДЫҚ МҮЛІККЕ ЖАНАШЫРЛЫҚ – ӘРКІМНІҢ ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ


Жосалы кентіндегі М.Құдабаев және І.Мүсірбаев көшелерінде 2025 жылы мердігер мекеме тарапынан спорттық және балалар ойын алаңдары салынып, тұрғындардың игілігіне пайдалануға берілген болатын.

Бүгінде мердігер кепілдік міндеттемелері аясында аталған ойын алаңдарындағы сынған және бүлінген ойын құрылғылары мен қоршауларын жөндеу, қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде.

Құрметті аудан тұрғындары!

Балалар ойын және спорт алаңдары – барша тұрғынға ортақ игілік. Сондықтан оларды күтіп ұстау, ұқыпты пайдалану және бүлінуден сақтау – әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі.

Осыған орай, ойын және спорт құрылғыларын мақсатқа сай пайдалануға, балаларды қоғамдық мүлікке жанашырлықпен қарауға тәрбиелеуге және вандализм әрекеттеріне жол бермеуге шақырамыз.

Ортақ мүлікке ұқыпты қарау арқылы біз ауданымыздың тазалығы мен көркін сақтап, келешек ұрпаққа жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастырамыз.

23 шілде 2026 ж. 150 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

№81 (10549)

24 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 269
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 426

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30