» » Республика күні қарсаңында балаларға жаңа ойын алаңдары тарту етілді

Республика күні қарсаңында балаларға жаңа ойын алаңдары тарту етілді

qarmaqshy-tany.kz  Бүгін Қармақшы ауданында Ұлттық мереке- 25 қазан Республика күні қарсаңында Жосалы кенті, Ыбрагім Қасымов көшесі мен Тайшық би көшелерінде жаңадан бой көтерген спорт ойын алаңдарының ашылу салтанаты өтті.
Аудан әкімі Әділбек Ерсұлтанов жаңадан бой көтерген спорт алаңдарының ашылуына арнайы барып, тұрғындардың қуанышымен бөлісті.
-Сыр елінде Ұлттық мереке - Республика күні қарсаңында «Балалар жылына» тарту ретінде облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың бастамасымен қала, ауданда демеушілердің қолдауымен құны 1,6 млрд. теңгені құрайтын бір мезетте 80 спорт ойын алаңы ел игілігіне берілуде.
Соның ішінде Қармақшы ауданы бойынша биылғы жылы құны 100 млн теңгеден асатын 8 ойын алаңы салынуда. Бүгінгі күні ойын алаңдарының құырлыс жұмыстары аяқталып, Ұлттық мереке қарсаңында аудан тұрғыдарына пайдалануға беріліп отыр.
Бұл шағын спорт алаңдары жас спортшылар мен аудан тұрғындарына керемет тарту, жаңа бастама деп білемін. Осы жерден болашақ спортшылар мен ел абыройын асқақтататын дарабоздар шығады деп сенеміз. Себебі балаға құйылған инвестиция ел болашағының жарқын кепілі болмақ-деді аудан әкімі Ә.Ерсұлтанов.
Балалар жылына орай пайдалануға берілген қос нысанның ашылу салтанатында тұрғындар да сөз сөйлеп, игілікті іске ұйытқы болған азаматтарға алғысын білдірді.
Сондай-ақ қос нысанның ашылу салтанатында тұрғындар да сөз сөйлеп, осындай игі бастамаларға қашанда жан жақты қолдау көрсетіп жатқан туған жерге жанашыр барша демеуші азаматтарға шынайы алғыстарын жеткізді.

22 қазан 2022 ж. 610 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 402
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 202

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930