Қала күніне арналған гала-концертті 12 мың тұрғын тамашалады
Биыл Қызылорда қаласын мерекелеудің мәні ерекше. Түрлі форматтағы акциялар мен қайырымдылық істер, басқосулар бір айы бойы жалғасты. Қала көшелерін дүбірге бастаған «Жастар карнавалы», этно-ауыл форматындағы «Сырдың қырық қазаны» жобасы тұрғындарды ерекше думанға бөледі.
Жылнамасында талай тарих қатталып, қос ғасырды өткерген Алаштың алғашқы астанасы Қызылорда руханият алыптарының ізі қалған, түрлі ізгіліктерді топтастырған қасиетті мекен, шырайлы шаһар.Балалар жылына тарту ретінде демеушілердің қолдауымен құны 1,6 млрд.теңгені құрайтын 80 ойын алаңы салынуда. Мерейтой мезіретінде бір мезетте 17 ойын алаңы пайдалануға беріледі.
Осы кезге дейін жерлестерімді алаңдатқан қоғамдық көлік проблемасына қатысты өңірге жаңа 150 автобус алу туралы шешімге келіп, қаражат бөлдік. Соның нәтижесінде қыркүйек, қазан айларында жаңа 21 автобус келсе, Республика күнінде қоғамдық көліктер қатарын тағы да 40 автобусқа
толықтырамыз,-деді Н.Нәлібаев.
©Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі















