» » Қызылордада алғаш рет мобилографтардың фестивалі өтті

Қызылордада алғаш рет мобилографтардың фестивалі өтті


Қызылордада алғаш рет жастардың сұранысы негізінде қала әкімдігінің ұйымдастыруымен «Менің сүйікті қалам» республикалық мобилографтардың фестивалі өтті.

Шарада елімізге танымал мобилограф, режиссер Қыран Талапбек және "Kyran Films" ұжымы жиналған жастарға мобилография саласындағы тәжірибелерімен бөлісті. Кездесу соңында мобилографтардың ортақ тобы құрылып, екі жас кәсіпкерлер тарапынан бірлесіп жұмыс істеуге ұсыныс алды.

Айта кету керек, Фестиваль аясында өткен байқауға қатысуға 70-тен аса қатысушыдан 100-ден аса өтінім түсті. Қатысушылардың басым бөлігі Қызылорда қаласынан, Арал, Қармақшы, Жаңақорған, Жалағаш аудандары мен Алматы қаласынан келген жастар болды.

Қатысушылар қала күніне орай «Менің сүйікті қалам» тақырыбында қала туралы креативті бейнероликтер түсірді.

Байқау жеңімпаздары «Қала күні» мерекесінің салтанатты ашылуына арналған гала-концертте қаржылай сыйақылармен марапатталды. Шаһар басшысы Асылбек Шаменов ұйымдастырылған республикалық мобилографтар конкурсының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттап, қызылордалықтар мен қала қонақтарын «Қала күнімен» құттықтады.
10 қыркүйек 2022 ж. 595 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10391)

01 сәуір 2025 ж.

№22 (10390)

29 наурыз 2025 ж.

№21 (10389)

23 наурыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 563
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930