» » » «STARTUP BOLASHAK: МЕНІҢ АРМАНЫМ» БИЗНЕС-ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ

«STARTUP BOLASHAK: МЕНІҢ АРМАНЫМ» БИЗНЕС-ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ

ҚР Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен, Қызылорда қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті бірлесіп «Startup Bolashak: Менің арманым» жастар бизнес-жобалары ұлттық байқауын бастады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.Студенттер сарайында ұйымдастырылған ұлттық байқаудың сыр өңіріндегі ашылу салтанатына ҚР Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Арын Өрсариев арнайы қатысты.
Бұл жобаның басты мақсаты – 16 мен 35 жас аралығындағы жастардың бизнес жобалары мен бастамаларын іріктеу арқылы, үздік деп танылған идеяларға қолдау көрсету және қаржыландыру болып табылады.
Аталған шараға өңір жастарының қызығушылығы өте жоғары. Мұның бір ғана дәлелі, жастар бизнес-жобалары ұлттық байқауына аймағымыздан барлығы 200-ге жуық жастар өз жобаларын ұсынған.
Ашылу салтанатында, ұлттық байқаудың тәлімгері болатын кәсіпкерлік саласының білікті менторлары қала әкімі Н. Нәлібаевтың «Алғыс хатымен» марапатталды.
Жалпы бұл бағыттағы жобаларды қалалық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі мен Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-і бірлесіп былтырғы жылдан бастап сәтті жүзеге асырып, түрлі форматтағы шараларда 160 жасты кәсіпкерлік негіздері мен жаңа дағдыларына бейімдеген.
09 сәуір 2018 ж. 1 543 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10391)

01 сәуір 2025 ж.

№22 (10390)

29 наурыз 2025 ж.

№21 (10389)

23 наурыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 560
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930