» » Қызылордада мүмкіндігі шектеулі жандардың қолөнер бұйымдары ұсынылған жәрмеңке өтті

Қызылордада мүмкіндігі шектеулі жандардың қолөнер бұйымдары ұсынылған жәрмеңке өтті




Қала әкімдігінің ұйымдастыруымен «Aray city mall» сауда – ойын – сауық орталығында жергілікті тауар өндірушілерінің өнімдері мен мүмкіндігі шектеулі жандардың қолөнер бұйымдары ұсынылған жәрмеңке өтті.
Аталған шараның ерекшелігі – сатылымға мүмкіндігі шектеулі жандардың өз қолымен жасалған бұйымдары қойылған.
Жәрмеңкеге арнайы барған қала әкімі Ғанибек Қазантаев сауда сөрелеріне шығарылған тауарларды қала тұрғындарымен бірге сатып алды.
Одан соң шаһар басшысы «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалының бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысты.
Кездесу барысында бірлестік төрағасының міндетін атқарушы Данияр Нұрымбетов зағип жандардың ұсыныстары мен тілектерін жеткізді.
Өз кезегінде қала әкімі мүмкіндігі шектеулі жандарға қашан да жан-жақты қолдау көрсетіледі деді.
Айта кету керек, бұған дейін зағип жандар қоғамдық көліктерде жүруге жеңілдер қарастыруды сұраған болатын. Ғанибек Қонысбекұлы аталған мәселеге байланысты қажетті шаралар қабылданып жатқандығын айтты.


27 ақпан 2022 ж. 569 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (10509)

02 маусым 2026 ж.

№40 (10508)

30 мамыр 2026 ж.

№39 (10507)

26 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 226
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 777

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930