» » АЙНАЛАҢ ІЗГІЛІК СЫЙЛА!

АЙНАЛАҢ ІЗГІЛІК СЫЙЛА!

"Нұр Отан" партиясы Қызылорда қалалық филиалының ұйымдастыруымен «Айналаңа ізгілік сыйла» тақырыбында мүмкіндігі шектеулі жандармен кездесу өтті. Онда Қызылорда қалалық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шәріп Әбдірахманов мүгедек жандардың мұң-мұқтажын жеке-жеке тыңдап, олардың мұң-мұқтажын оңтайлы шешілу жолдарын қарастырып, қол ұшын беретінін жеткізді. Олардың басым көпшілігі баспана кезегі, жұмыссыздық, денсаулық мәселелеріне қатысты сөз қозғады.Кездесуден кейін жетекші партия мүшелері «Қазақ соқырлар қоғамына» қарасты тігін цехы мен зағип жандарға арналған кітапхананың тыныс-тіршілігімен танысты. Айта кетейік, нақты кезеңде мұндағы тігін цехы тапсырыстар қабылдап, тынбай еңбек етуде. Бұған қоса, кітапхана оқырмандар үшін түрлі шаралар өткізіп, тоғызқұмалақ ойынын ұйымдастырып отырады.
Жалпы, қалалық «Қазақ соқырлар қоғамында» 569 І,ІІ топ мүгедегі тіркелген. Оның 93-і «Нұр Отан» партиясының мүшесі. Олар партияның «Кедергісіз келешек» жобасының аумақ бойынша дамуына ерекше үлес қосып келеді.
28 шілде 2018 ж. 1 154 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (10456)

18 қараша 2025 ж.

№87 (10455)

15 қараша 2025 ж.

№86 (10454)

11 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 892
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 595

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930