» » Қызылорда қаласының әкімі қамқорлықты қажет ететін жандарды қабылдады

Қызылорда қаласының әкімі қамқорлықты қажет ететін жандарды қабылдады

Бүгін мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қабылдаған Қызылорда қаласының Нұрлыбек Нәлібаев алдағы жылдан бастап шаһардағы қамқорлықты қажет ететін жандардың жеке көмекшілеріне төлем 8 сағаттық көлемде, 365 күнге жүргізілетінін айтты. Көмекшілерге төленетін кепілдендірілген қаражат есебінен зейнетақы қорына аударымдар жасау мәселесін де шешу үшін құзырлы органдарға тиісті құжаттар жолданғандығын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.



Кездесу барысында тұрмыстық қажеттілікке байланысты шаштараз, сауда дүкендері сынды тағы да басқа әлеуметтік нысандарға бару үшін инватакси қызметін қолжетімді етуді сұраған мүмкіндігі шектеулі жандарға «Сіздердің талап-тілектеріңіз орындалады. 2021 жылдан бастап аталған мақсатта инватакси қызметін пайдалануға еңбекті қорғау заңнамаларына сай мүмкіндік жасаймыз» - деген,  шаһар басшысы бұған дейін қалада 11 автокөлік инватакси қызметін атқарса, енді олардың саны 13-ке жеткендігін айтты.
Қабылдаудағы көп тілегінің тағы бірі – 2 топ мүгедектігі бар азаматтардың қоғамдық көлікте тегін жүруі. Бұл мәселеге қатысты қала әкімі сала басшыларына қажетті субсидия көлемін есептеп, тез арада ұсыныс беруді тапсырды.
Сонымен қатар қабылдауға келген азаматтар 2019  жылдың наурыз-сәуір айларында  жеке көмекшілерге қызмет ақысы төленбей қалғанын айтып, оны өндіруге заң аясында көмек беруді сұрады. Өз кезегінде қала басшысы ол төлемдерді жүргізуге бюджет мүмкіндігі толық жететіндігіне тоқталып, көмекшілердің еңбекақысын төлеу жұмыстары жыл басында заң жүзінде жүзеге асатындығын жеткізді.
 Кездесу барысында «Облыстық мылқаулар қоғамының» төрайымы Алтынкүл Аяпова мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселесін кезек күттірмей шешіп, ұдайы қолдау білдіріп келе жатқан қала әкіміне алғысын білдіріп, ағымдағы жылы мылқаулар клубының шаһар басшысының тапсырмасымен демеушілік есебінен күрделі жөндеуден өткенін ерекше қуанышпен атап өтіп, «Бұл бізге жасалған көп қамқорлықтың бірі ғана» - деді.
Кездесу соңында қала әкімі мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқығын қорғап, оларды әлеуметтік қолдау күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі екендігін баса айтып, қамқорлықты қажет ететін жандарға қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жалғасатындығын жеткізді.

26 желтоқсан 2020 ж. 398 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 027

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031