Қызылордада «TARTYL FEST» фестивалінің жеңімпаздары анықталды
 Облыс орталығында ҚР Президенті жанындағы «Дара» дарындыларды қолдау қоры ұйымдастырған республикалық «Tartyl fest» турникке тартылу фестивалі өтті.
Облыс орталығында ҚР Президенті жанындағы «Дара» дарындыларды қолдау қоры ұйымдастырған республикалық «Tartyl fest» турникке тартылу фестивалі өтті. 3 санат бойынша белтемірге тартылып, күшін сынағандар 3 млн теңгенің жүлде қорын сарапқа салды.
Сайыстың ең үлкен қатысушысы ретінде 75 жастағы Алекстандр Ким, ең жас қатысушы болып 6 жасар Жандәулет Бағдатұлы көптің есінде қалды. Екеуі де белтемірге 15 рет тартылды.
Мұнан бөлек, фестиваль аясында тұрғындар мен қала қонақтары эстрада жұлдызы Мирас Жүгінісовтің концертін тамашалады.
Айта кетсек, фестиваль 10 шілде мен 6 қыркүйек аралығында өткізіледі. еліміздің 20 қаласында ұйымдастырылып, әр қаладан 27 жеңімпаз анықталады. Олар Нұр-Сұлтан қаласында өтетін гранд-финалға қатысады деген жоспар бар.
Гранд-финалдың жүлде қоры 54 млн.теңге. Ал, финал чемпиондары Street Workout бойынша әлем чемпионатына қатыса алады.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

















